2 МОДУЛЬ
Ата-ана
1 МОДУЛЬҮй жұмысы + қабылдау техника:

“ӘКЕҢІЗДІ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ҚАБЫЛДАУ”
Ол үшін, әкеңіз тірі, аман-есен болса, 7 күн соған арнап хат жазамыз.

1 пункт - кешірім сұрау:
Қымбатты әке, егерде мен:
- сізге лайықты қыз/ұл бола алмасам
- сіздің үмітіңізді ақтай алмасам
- Сізді ренжіткен болсам
- …. деп әрі қарай ойыңыздағыны жаза бересіз
Соңында “мені кешіре аласыз ба” деп бітіресіз.

2 пункт - Алғыс айту:
Қымбатты әке, сізге
- өмірге келгенім үшін
- аман - есен болғаным үшін
- … деп әрі қарай ойыңыздағыны жаза бересіз
Соңында “ осы үшін алғыс айтқым келеді” деп бітіресіз.

‼️ МАҢЫЗДЫСЫ: бұл хатты кешке жатарда жазуыңыз қажет, өйткені сол кезде бейсанаңызға әкеге деген құрмет және “баласымын” деген сезім тезірек қонады.
Және тәңертен оянғанда, сол хатты өртеп жіберу керек!! 7 КҮН БОЙЫ!

Егер әкеңіз бұл өмірден өткен болса, онда бұл техниканы 40 күн бойы жасайсыз!!!

ЖӘНЕДЕ БҰЛ ЖЕРДЕ БАЛАНС ЖӘНЕ ГАРМОНИЯ БОЛУ ҮШІН, ХАТТЫ АНАҢЫЗҒА ДА ЖАЗАСЫЗДАР!
Made on
Tilda